Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

«Әкесінің айтуымен қызметке келгендер нағыз прокурор бола алмайды» – ҚР Бас прокуроры

179

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

– Жыл сайын прокуратура органдары шамамен 300 жас маманды қабылдайды. Жоғары оқу орындарын жылына 3 мың заңгер бітіріп шығарады. Жүргізілген сауалнама олардың шамамен 60 пайызы бізде жұмыс істегісі келетіндігін көрсетті. Демек, 1 орынға 60 адамнан келеді. Бұл – басқа да үміткерлерді қоспағандағы дерек.

Осы сандарға қарағанда, бізге үздіктердің үздігі ғана ілігуі тиіс. Алайда, шынайы өмірде бұлай емес. Әрине, біздің қызметкерлердің көпшілігі кәсібилер. Дегенмен, дайын емес, пайдакүнем, әкесінің айтуымен прокурор кәсібін таңдаған адамдар да болып жатады. Мұндайлар нағыз прокурор бола алмайды және олардың қызметі қысқа ғана, – деді Жақып Асанов.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, 2013-2015 жылдары аралығында теріс қылықтары үшін жұмыс істегеніне 3 жыл да толмаған 10 жас қызметкер жұмыстан босатылған.

«Соңғы үш жылда прокуратурадан 67 жас маман кетті. Оның 57-сі өз еркімен жұмыстан босады. Бірақ, ашығын айтайын, бізден жайдан жай, өз еркімен кететіндердің қарасы аз. Жұмыс өте мәртебелі. Сондықтан өздігінен кеткендердің көпшілігі сауатсыз немесе шикіліктері болды», – деді ҚР Бас прокуроры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз