Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бас прокуратура: “Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету” жобасы аясында 95 мың ақтөбелік түсіндіру жұмыстарымен қамтылды

Әлеуетті көмек объективті себептермен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға тікелей көрсетілуде. Ол, бірінші кезекте, әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жүргізілуде.

Осы күндері Алға, Мұғалжар, Шалқар және Темір аудандарында топ 354 мүгедекке барды, олардың ішінде 61-іне көмек көрсетілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар санатындағы 2700 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көсетудің және «Өрлеу» жобасын іске асырудың тәртібі түсіндірілді. Осы бағдарлама бойынша бүгінде 73 адам көмек алды.

 

 Сонымен қатар, тәжірибелі имамдарды тағайындау, ауылдық мешіттер қызметіндегі келушілердің рөлі мен маңыздылығын арттыру, садақаларды ашық санау арқылы тұрғындар арасында ресми дінбасыларының беделін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мысалы, ҚМДБ бас имамының бұйрығымен Шалқар қаласының жұмысшылар кентіндегі мешітке имам болып Е.Наурызбаев тағайындалды. Осы орайда мешіттерге имам етіп жергілікті діндарлардан тағайындау туралы сенушілердің қалаулары ескерілді. Мешіт қызметкерлерінің мінсіз бейнесін қалыптастыру үшін аймақ мешіттерінің 572 келушілері мен тыңдаушыларына «Имамның бір күні» атты бейнеролик көрсетілді. Ақпараттық қызмет шеңберінде насихат жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, 22 әлеуметтік топта 17 бейне ролик жарияланып, 9 деректі фильм мен 2 спектакль көрсетілді, оларды 9 мың адам қарады. Интернетте құқыққа қайшы мазмұны бар 350 материал анықталды. Қабылданған шаралар бойынша ресурстардың иелері өз еркімен 118 материалды алып тастап, 7-не қол жетімділікті шектеді. 

Интернет желісінде радикализімді насихаттауға қарсы іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру мақсатында «YouTube» видео-хостингінде «Anti Terror» арнайы каналы жасалды. 

Сонымен бірге, заңсыз контентпен күресуге барлық қолданушылардың мүмкіндіктерін пайдалану үшін «YouTube» видео-хостингінде терроризм мен экстремизмге үгіттейтін бейнероликтерді жою туралы нұсқаулық әзірленіп, «Facebook», «WatsApp», «Instagram», «ВКонтакте», «Мой мир» әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 596 материал, соның ішінде интернет-ресурстарда – 265 жарияланым, телеарналар эфирінде – 181 сюжет, БАҚ-тың баспа өнімдерінде -150 ақпарат жарияланды. 1405 жеке үйді аралап, «Интел-Сат» спутниктік сигналы «КазСат-3» сигналына ауыстырылды. Отандық «Отау ТВ» спутниктік хабар таратылуына 311 отбасы қосылды.

Интернет-ресурстарда Ақтөбе облысындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысты түсіндіру материалдарын тарату жалғасуда, сондай-ақ «Денсаулық» медициналық поезының маршруты хабарлануда. 

20 күн ішінде террористік акт кезінде немесе оның қаупі төнген жағдайда мінез-құлықтың тұрақты дағдыларана үйрету мақсатында аймақтың 13,6 мың тұрғынын қамтыған 132 іс-шара өткізілді.

 

30 объектінің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы тексерілді, тренингтер барысында олардың 710 қызметкерімен төтенше жағдайлар туындағандағы іс-әрекеттері пысықталды.

Осы объектілердің барлығында терроризмге қарсы шараларды үздік деңгейге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жекелеген топ күш құрылымдарын нығайту мәселелерімен айналысуда. Нақты айтқанда, күш құрылымдарының 818 жеке құрамы үшін 5 командалық-штабтық жаттығу, 195 қызметкері үшін 12 нұсқаушылық және практикалық сабақтар өткізілді. Жергілікті құрылымдарға орын алатын қауіп-қатерлерге ықпал етуге дайындықты арттыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді. Аталған бағытта барлығы 96 іс-шара өткізіліп, олармен 8,6 мыңға жуық адам қамтылды. Жалпы, өткір проблемалық мәселелер бойынша барлық бағыттарда азаматтарды қабылдау жалғасуда. Олар бойынша шаралар қабылдануда. Аймақтың тұрғындары ведомствоаралық топ жүргізіп отырған жұмысқа оң бағаларын беруде.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз