Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бас муфти Астанада пәтер жалдап тұратын кейуананың үйіне бас сұқты

Қарт әжейге құрметін көрсетіп, қонақ болып келіп қалған Бас мүфтидің арнайы тосын сыйы бар екен. «Қарттар күніне» орай Кәдімқызы Орынбасар апамызды мерекесімен құттықтап өткен Бас мүфти «Қажылық сертификатын» табыстаған сәтте апамыз шыдамастан көз жасына ерік берді.

Осыдан бірнеше ай бұрын отандық телеарналардың бірінде бағдарлама қонағы болған апамыз өзінің асыл арманы – қажылық сапары жайлы айтып, тұрмыс тауқыметі тұралатқан мына заманда сол арманым орындалмай кететін шығар деп күрсінген еді. Ойламаған жерден олжалы болып, көңілі шарықтаған қарт әжей келген қонақтарға ақ тілегін жаудырып, көңілдерін босатты.

Бұдан бөлек, Орынбасар апамызға «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек пен азық-түлік қоры тарту етілді.

Естеріңізде болса, қасиетті Құрбан мерекесінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары бастаған ақжаулықты жамағаты «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырып, түскен қаржы түгелдей мейірімге мұқтаж жандарға жұмсалатыны туралы айтылған еді. Жәрмеңкеден түскен қаржының қомақты бөлігі бірер апта бұрын қаламыздағы «Балалар үйіне» берілген болатын. Сол «Қайырымдылық жәрмеңкесінен» жиналған қаржының бүгін Орынбасар апамыздың да бір жыртығын бүтіндеуге септігі тиетіні қандай керемет десеңізші!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз