Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Барахолка базарында қырғыз-өзбек толып жүр

156

Бұлардың Барахолкада бір күнде қанша табыс тауып жатқаны да белгісіз. Олардың салық төлемейтіні де айдан анық. Қазақстанды сауын сиырға айналдырып алған. Тапқан табысын еліне әкетері бесенеден белгілі.

Алматы қалалық көші-қон полициясы жүргізген рейд барысында Барахолкадағы бір ғана “Болашақ” базарынан құжаттары жоқ, өздері елде заңсыз жүрген 5 келімсек анықталды.

Жалпы рейд барысында ұсталған “гастарбайтерлердің” саны 19. Арасында тіпті Ауғанстан азаматы да бар.

Сонда бұлар қалай қағаз-құжатсыз жүр? Оларды бақылауға алатын біреу бар ма? Базар басшылығы ше? Қарамағында кімдердің істейтіні, олардың кім екені, қайдан келгені маңызды емес пе?

Ең қорқыныштысы елдегі ірілі-ұсақты қылмыс жасайтындардың арасында сырттан келгендердің үлесі басым. Қағаз құжаты жоқ адамның сайда саны, құмда ізі жоқ. Білгенін істейді. Былықтырады. Құрықталмасын, қолға түспесін біледі.

Бақылаусыз кеткен бұлар ертең бірнәрсе бүлдірмесіне кім кепіл? Барахолка базарының әкімшілігіне бәрібір ме әлде? Иә, бәрібір. Ендеше қалалық көші-қон полициясы жалғыз рейдпен шектелмесі анық.

Барахолка базарында өріп жүрген қырғыз-өзбек бұл елде де заң мен тәртіп бар екенін сезіну керек шығар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз