Банк алдындағы қарызын кешіруге болатын азаматтардың тізімі жария етілді

7 833 просмотров

Қарыз алушының несиені өтей алмауы кешірімге негіз болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бір жағынан біз білеміз, несие алушыларда аталмыш кредитті толық атқаруға кедергі келтіретін өмірлік жағдаяттар болады. Бұл жағдайлар несие займдарын қайта қарауға және оны талап етуге негіз бола алмайды. Бұл керісінше, кешірімге негіз бола алады. Аталмыш займды өтеуге жағдайы болмаса, банк коллекторлық ұйымды тартпай-ақ, аталмыш займды несие алушыдан қайтаруды талап ету құқығынан бас тарта алады», — деді Олег Смоляков.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық банк депутаттардың несие алушының өмірлік жағдайына байланысты несиені өтеу қабілетінен айырылғанда коллекторлық қызметті тартпау туралы ұсыныстарын қолдайды. Ұлттық банк басшысының орынбасары сонымен қатар, қарапайым халық коллекторлық ұйымдарды «рэкет» ретінде қабылдайтындықтарын жасырмады.

Өз кезегінде,олар халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөліктерімен жұмыс жасайтын қызмет. Осы себепті аталмыш заң коллекторлық қызметтің жұмысын заң жүзінде реттеуге және халықтың коллекторлық ұйымдарға деген көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді.

Мәжілісмендер заң жобасының 4-інші бабына өзгерістер енгізді. Ол бапта коллекторлық қызмет аясы таралмайтын жеке тұлғалар тізімі берілген.

Атап айтқанда: қарыздары жалғыз үйлерімен кепілдендірілген тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оған теңестірілген тұлғалар, бірінші және екінші топ мүгедектері, кәмелеттік жасқа толмағандар, зейнеткерлер, сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ немесе төмен деп танылған тұлғалар, психоневролгиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғалар, туберкулез диспансерінде емделіп жүрген тұлғалар, кәсіби жарақаттары бар және еңбек міндеттерін атқару кезінде жарақат алған тұлғалар, немесе жалпы еңбек қабілеттілігін 80-нен 100 пайызға дейін төмендеткен ҚР Үкіметімен бекітілген кейбір ауыр созылмалы ауруларға шалдыққан тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғалар, экологиялық апат, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде баспанасынан айырылған тұлғалар, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін өтеу кезінде, әскери қызмет бабында, ғарышқа ұшырылу кезінде, адам өмірін құтқару барысында, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары.

Загрузка...