Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Банк алдында борышкер 40 мыңға жуық отбасы жалғыз баспанасынан қуылмайтын болды

Мәмілеге сәйкес, енді 3 ай мерзім ішінде несиесін қайтара алмай жүргендер банкке келіп, басындағы жағдайымен бөлісуі тиіс. Алайда, бұл борышкер несиесін төлемейді деген сөз емес. Тек шамасына қарай төлеу шарттары жұмсартылады.

Қазіргі таңда елімізде әне-міне үйінен қуылуға шақ отырған 40 мыңға жуық отбасы бар. Ал төрт жақты қол қойылған құжат осы түйткілді шешуге септігін тигізеді.

– Борышкер өз еркімен банкке келіп, қаржылық қиындықтары барын ашық айтуы тиіс. Осылай бола тұра, қарызын өтеуден бас тартпайтындығын білдірсе, банк өкілдері оған түсіністікпен қарап, әр борышкерге қарызды өтеудің жолдарын бірлесіп қарастыратын болады – деп түсіндірді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз