Бангладештің оңтүстік батысындағы Кумар өзенінде 100 жолаушысы бар паром суға кетті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Оқыс оқиға ел астанасы Даккадан 65 шақырым жерде, кеше кешкі сағат 20.00-де болды. Басқа кемеге соғылған паром су түбіне кетіп, бір адам қаза тапқан, қалғандары із-түссіз кетті деп жарияланды.
«Паромда болған әйелдің бірі жағаға жүзіп шыққан, алайда ол ауруханада көз жұмды», – деп мәлімдеді құтқарушылар.