Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бангладеште қаралы күн жарияланды

Естеріңізге сала кетейік, 1-маусымда Бангладеш астанасы Даккада мұздай қаруланған топ мейрамханаға басып кіріп, аяусыз оқ жаудырып, бірнеше адамды кепілдікке алған еді. Соңғы мәлімет бойынша, арнайы операция кезінде 13 азамат құтқарылды.

Өкінішке қарай, 20 шетелдік пен 2 полиция қызметкері қаза тапты. Барлық 6 лаңкестің көзі жойылды. Марқұмдардың арасында Жапония, Италия, Үндістан және АҚШ азаматтары бар. Қанды шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» жасағанын мәлімдеген.

Шейх Хасина, Бангладеш Премьер-министрі:

– Бұл лаңкестердің ешқандай діні жоқ. Олар құлшылық қылудың орнына адамдарды өлтіреді. Олар халықтың бейбіт өмірін құртады. Біз оларға елімізде өмір сүруге жол бермейміз. Әскеріміз содырлардың көзін жою үшін қолдан келгенін жасады. Мен олардың жұмысын жоғары бағалаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз