Баласын көпір астына тастап кеткен мас келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

46 просмотров

Оралда бес айлық баласын көпір астында қалдырып кеткен мас әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал бала қазіргі уақытта — үйінде, аман-есен.

Бұл іске қатысты 1989 жылғы Е. деген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 1-тармақшасына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz.

Арбада жатқан сәби түнгі сағат үштің шамасында «Нефтебаза» аялдамасының маңында табылған. Ұсталған әйел полицейлерге баласын алып, саяжайдан келе жатқанын, кейін оған таксистің тиісе бастағанын айтып берген. Сосын ол баланы тастап, қашып кетіпті-мыс.

Полицияның мәліметінше, келіншек алкогольдік ішімдіктерге тәуелді ретінде есепке алынған екен.

Загрузка...