Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Баланы құтқарып қалды”. “Астана-Көкшетау” тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Рахымбек Мүбәракұлының айтуынша, үш жолаушысы қаза болған көліктің иесі Ерлан Сұлтанов, тас жолдың бойында ерлікпен қаза тапқан Құмарбек Жәкетайұлын жерлеу рәсіміне келіпті.

4 желтоқсан күні 100 шақты көлік Бурабай ауданы, Жаңажол ауылындағы жерлеу рәсімінен қайтып келе жатады. Алдыңғы лектегі Kia Rio көлігіне “Ниссан” маркалы көлік соғады. Әлгі соққан көлік иесі көлікті жолдың шетіне шығару үшін сол жерде тұрғандардан көмек сұрайды. Kia Rio-ның жүргізушісі мен тағы бір адам көлікті итеріп жатқан кезде, оларға келіп шымкенттік автобус соғылған. Осы кезде жеңіл көлік ішінде отырған үш жолаушы жарақат алады.

20161207003921-1

Осы кезде Құмарбек асқа бара жатқан көлік ішінен түсіп, соғылған көліктің қасына келіп көмектесуге кіріседі. Әуелі терезені сындырып, үш жасар Данилді алып шығады. Жолай кездескен көлікті тоқтатып, сол арқылы баланы ауруханаға беріп жібереді. Көлік иесінің есімі – Кирилл Гончаров.

Осы кезде көлік иесі Ерлан мен Құмарбек марқұм іштегі әйелдерді құтқару үшін жанталасады. Іштегі қыздардың бірін қолынан тартып шығармақ болып жатқанда, артқы жақтан тағы бір автобус келіп соғады. Екпіні қатты болғаны соншалық Құмарбек екі көліктің ортасында қыстырылып қалып кетеді. Кейін оның өлі денесі автобустың астынан табылған.

20161207101011-1

Соңғы келіп соққан жолаушылар автобусы Бурабайдан Астанаға бара жатыпты. Жолдың көктайғақ болуына байланысты, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан 1984 жылғы Алена Бухалюк (Астана тұрғыны), 1994 жылғы Қымбат Сәдуақасова (Зеренді ауданының тұрғыны), 1967 жылғы Айсұлу Кәленова (Астана тұрғыны) және 1966 жылғы Құмарбек Жакетайұлы (Бурабай ауданының тұрғыны) оқиға орнында көз жұмған.

Құмарбек Жәкетайұлы Жаңажол ауылында тұрады екен. Моңғолиядан Қазақстанға 1991 жылы көшіп келген. Артында үш баласы мен әйелі қалды.

Еске сала кетсек, кеше, 4 желтоқсан күні Астана-Көкшетау тас жолының бойында бірнеше көлік соқтығысып, ірі жол апаты орын алған еді. Нәтижесінде 4 адам қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз