Балаларыңыздан көз жазбаңыздар!

61 просмотров

Жыл басынан бері Атырау облысында 25 адам суға батып кетті. Соның ішінде кәмелетке толмаған жеті бала бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы қайғылы фактілер ТЖ департаментінің брифингін өткізуге түрткі болды.

Өткен жылдың осы кезеңінде 14 адам (бір сәби) суға кетті деп хабарлайды Ақжайық газеті.

– Суға кету саны көбейіп тұр, бұл бізді қатты алаңдатады, — деді ТЖД бастығының орынбасары Замир Бердашев.

– 13 адам балық аулау кезінде суға кетті, оның алтауы мас болған. Тағы бес адам тыйым салынған жерлерде шомылған, оның үшеуі ішімдік ішіпті. Ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар суға кетіп қалды. Қазір жаз маусымы, адамдар демалады, ішімдік ішеді, мұның бәрі түсінікті, алайда мынаны есте сақтасаңыздар екен: өте сақ болыңыздар, тіпті жақсы жүзе алсаңыздар да әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін.

Балаларыңыздан көз жазбаңыздар!

Загрузка...