«Бала дауысы» ұлттық ән байқауына іріктеу басталды

28 просмотров

Астанада «Бала дауысы» I ұлттық ән байқауына іріктеу басталды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға 7 мен 13 жас аралығындағы жеткіншектер қатыса алады, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, бұл жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану» қорына қарайды.

Мамыр айында басталған байқауда бірқатар өңірлерде іріктеу өтті. Еліміздегі белгілі продюсерлер мен кәсіби әншілер кіл мықтыда кім мықты екенін анықтайтын болады. 15 қыркүйектен бастан жүзден жүйрік шыққандар Алматы қаласындағы студия-театрда тәлім алып, шеберліктерін шыңдауға талпынбақ. Ал күллі қазақстандықтар көз тіккен ұлттық байқаудың финалы қарашаға жоспарланған. Ақтық сынға сүрінбей жетіп, бас бәйгені қанжығасына байлаған бүлдіршінге музыкалық мектепте оқу гранты табысталады.

Загрузка...