Балқашта бір әйел бомба жармақ болды

75 просмотров

Балқаш қаласында жалған ақпар таратты деген күдікпен экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады.

Бұл туралы Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше Балқашта шамамен кешкі сағат 17:00 уақытында жергілікті полиция бөлімшесінің ұялы телефонына СМС-хабарлама келіп түскен. Онда қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен әкімдік ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны жазылған.

Бірден аталған мекен-жайларға барлық шұғыл қызмет өкілдері жұмылдырылды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан 120 адам эвакуацияланды. Алайда ештеңе табылмады.

„Жалған ақпар таратты деген күдікпен экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады. Ол қазір өз кінәсін мойындап отыр. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Бұл баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір әйел уақытша ұстау абақтысына тоғытылды», — деді Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Загрузка...