Балқашта бензин ішіп, көз жұмған сәбидің ата-анасы 3 жылға сотталуы мүмкін

73 просмотров

Балқашта байқаусызда бензин ішіп қойған сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаға сілтеме жасап, Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Балақай 30-шілдеде таңғы 5.40 уақытында жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл оқыс оқиға 28 шілде күні орын алған. Бензин ішіп қойған 1 жасар бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

— Сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол шамадан тыс уланып қалған. Денсаулығын тұрақтай алмады, – дейді Айжан Иса.

«Қауіпті жерде қалдыру» бабы бойынша сәбиің ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру немесе 3 жылға бас бостандығына шектеу қою жазасы тағайындалады.

Загрузка...