Байден: АҚШ одақтастары алдындағы міндеттемелерінен бас тартпайды

13 просмотров

АҚШ вице-президенті Джо Байден балтық елдері үкіметіне Вашингтон НАТО аясында одақтастарын қорғау жөнінде міндеттемелерін орындайды деп мәлімдеді. Байден бұл сөздерін сейсенбі күні 23 тамызда Ригаға сапары кезінде айтты.

Ол Эстония, Латвия және Литваны АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткердің сөздерін «шындап қабылдамауға» шақырды. Дональд Трамп егер АҚШ президенті ретінде сайланатын болса, НАТО-ға мүше елдердің алдындағы сыртттан қауіп төнген кезде қорғаймыз деген міндеттемелерінен АҚШ бас тартуы мүмкін деп мәлімдеген болатын.

Шілде айында НАТО елдері лидерлері Балтық елдерінің үш еліне және Польшаның шығысына әуе және теңіз әскерін орналастыруға келіскен. Осылайша одақтас елдер Ресейдің әскер санын өсіруіне байланысты агрессиясына шекаралас елдерге көмектесетіндіктерін білдірген.

Байденнің Балтық елдеріне сапары 1939 жылы 23 тамызда қол қойған Молотов – Риббентроп келісімінің 77 жылдығына сәйкес келіп отыр. КССРО мен Германия арасындағы бұл келісімге сәйкес 1940 жылы Эстония, Латвия және Литваны Совет Одағы басып алған.

747FF9C8-E8F4-4BD1-9A64-28FE49A474B9_w987_r1_s (1)

Загрузка...