Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Байбектің назарына: Шрек төрде, қошақанын құшақтаған қазақ баласы босағада неге жүр?

179

„Осындай ұлттық реңктегі дүниелерді қаланың көрнекті жерлерінде көбірек неге орнатпасқа, а? Күшті болар еді ғой. Асық пен алмадан өзге де адамға эстетикалық лəззат сыйлап, көз қуантатын дүниелер жасауға болады ғой. Мəселен, өткенде Көктөбеге барғанда жұрттың бəрі Шрек пен Фионаның қасында жапырлап суретке түсіп жатты.

Ал сол Шрегіңіз шет елден келген қонақтарға қызық па? Оның орнында қазақ ертегілерінің кейіпкерлері тұрса, қатып кетпес пе еді ?!„

деп жазады Facebook-тегі жеке парақшасында журналист Жанар Оразымбет.

Бақыт атты пікір жазушы: „Алматыда Тілектес мейрамханасының ауласында да осындай дүниелер көп. Тіпті, бұдан да сүйкімді балақайлар бар қозымен„ деп жазады.

Демек, ол да аулада. Бір мейрамхананың ауласында. Сонда деймін-ау, Байбек мырза, Шректерге Көктебеден ойып орын бергенде, қошақаны бар қазақ балақайына қиғаныңыз Алматының аулалары ма? Аула да болмас еді, егер жекеменшік иелері осы идеяны ойлап тауып, ескерткіш орнатуды ойына алмағанда деңізші?..

Қалай дегенмен де әкім мырза, мына мүсінге бір үңіліп көріңізші…

Бір қарағанда, бұл балақай құшағындағы қошақанын Құрбан айтта құрбандыққа қимай отырған секілді. Иә, мұндай қимастық кез келген ауыл баласында болғаны анық.

Сыйлы қонақ алдына аяғы буылып барған ең сүйкімді жануарын талай қазақ баласы мөлдіреген көз жасымен шығарып салған шығар.

Жалпы, барлық ауыл баласының қозы-лақпен жамыраса ойнап өсетіні белгілі. Сондықтан бұл ескерткіш кез келген қазаққа балалық шақты еске түсіреді.

Тағы бір жағынан, „қозым, қошақаным„ деп еркелеткен ата-әженің мейірімімен қайта қауышқандай әсерде боласыз.

Осындай қазақ баласының кіндік жібімен жалғасқан дәстүрлі дүниелерді біз бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның көрнекті жерлерінен неге байқай алмай жүрміз?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз