Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Байбек: “Инстаграм жақсы болды, кәдімгідей ақша үнемдеп жатырмыз”

Оның айтуынша әлеуметтік желі арқылы халықпен өте ұтымды кері байланыс жасауға болады екен. “Қазір біздің 90 мыңнан астам жазылушымыз бар. Инстаграмның арқасында халықпен тікелей байланыс орнатып, ақшаны кәдімгідей үнемдеп жатырмыз”, – деді ол.

“Ойлап көріңіздерші егер біз мұны дәстүрлі стилде жүзеге асырған болсақ, онда қаншама адамды қабылдап, шағымын тыңдап, жауап жазып отырушы едік. Қазір мұның барлығы тек экранды басып қалу арқылы ғана шешіліп жатыр”, – деді қала әкімі.

Байбектің айтуынша, қалалықтардың белсенділігі арқасында жергілікті билік қай ауданда не болып жатқанынан дәйім хабардар болып отырады.

“Тұрғындардың сұрақтарын жылдам шешу үшін жұмысты да тез реттеп отыруға тырысамыз. Бұл қала билігіне деген тұрғындардың сенімін арттыра түсетіндігі сөзсіз”, – деді мегаполис басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз