Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы халқы қаза тапқан полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды (фото)

IMG_7510

«Ардақты ағайын, құрметті қауым. Туған халқына бергенінен берері мол, еліміз үшін жасағанынан жасары артық арыстай азаматтарымыз күтпеген жерден бақилыққа аттанды. Орны толмас бұл қаза баршамызды күйзелтті.

IMG_7500

Қабырғамызды қайыстырды. Ел қауіпсіздігін қорғап жүрген бірнеше тұлғаның бейбіт күнде айналасы 25 минут ішінде мезгілсіз кетуі,  өмір өзегінің үзілуінің қас қағымдай екендігін, жалғанда тыныштық пен татулықтан асқан құндылық жоқ екенін тағы да бір еске салды.

IMG_7501

Бүгін ақтық сапарға аттанып бара жатқан азаматтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын қорғау жолында, яғни бабамыз айтқандай құл болмау, керісінше ел болу жолында мерт болды. Осында тұрған әрбіріміздің бейбіт ғұмырымыз үшін өздерінің өмірлерін қиып, жандарын пида етті.

IMG_7496

Бұл оқиға, Ішкі істер органы қызметкерлерінің әр күні, әр сағаты болжаусыз екенін, сондықтан да ерлікке пара-пар болатынын тағы бір дәлелдеді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда халқына адал еңбек етіп, ерен ерлік көрсеткен бауырларымыздың жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталмақ.

IMG_7532

Олардың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Олардың есімдері ел мен қала тарихында қашанда алтын әріппен жазылады», -деді өз сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

IMG_7537

Қаралы жиынға шамамен  2000-ға адам келді. Олардың ішінде ішкі істер органдарында істейтін қызметкерлердің саны 1000-нан асып жығылады.

DSC_4908 DSC_4936

DSC_4988 DSC_5029 DSC_5163 DSC_5072

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз