Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Байбек: “Алматыдағы автокөлік санын азайту керек”

Осыған дейін, қала әкімі соңғы бес жылда қала аумағының екі есе өскенін, сондықтан ірі қаладағы халықтың саны 20 пайызға артқанын айтқан болатын. “Бар күшті инфрақұрылымға жұмсап жатырмыз. Мұнда нарық пайда болатындықтан, бұл қала тұрғындары үшін қолайлы болады”, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Алматы қаласы үшін ең негізгі жұмыстардың бірі – көлік реформасын жүргізу.

“Алматы көліктерге арналған қала емес, керісінше, тұрғындарға арналған қала екенін білеміз. Бізде екі негізгі өлшем бар: экология мен көлік саласы. Сіздер қаланың ластануының 80 пайызы осы көліктерден болатынын білесіздер. Сондықтан біздің басты мақсат – көлік реформасын жүргізу. Тұрғындардың көпшілігі қоғамдық көлікпен жүруі үшін автокөліктердің санын азайтуы керек”, – деген ұстанымда екенін жеткізді Бауыржан Байбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз