Байқоңырға жаңа басшы тағайындалды

23 просмотров

Байқоңыр ғарыш айлағының басшысы болып Евгений Раковский тағайындалды. Бұл туралы Ресейдің Ғарыш инфрақұрылымын жабдықтау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, gazeta.ru хабарлайды.

«Евгений Раковский ғарыш айлағын жақсы біледі. Оның Қарулы күштер саласындағы, сол секілді менеджерлік қызмет тәжірибесін ескере отырып, оның басшылығымен біздің филиал тиімді жұмыс істейді дегенге нық сенеміз», — деп жаңа тағайындауға қатысты Ресейдің Ғарыш құрылымын жабдықтау орталығының бас директоры міндетін атқарушы Рано Джураев пікір білдіреді.

Бұған дейін Раковский «Аэропорт «Крайний» әуекәсіпорыны директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014-2016 жылдар аралығында „Южный„ ғарыш орталығы директорының бірінші орынбасары болған.

Загрузка...