Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бақытжан Сағынтаев: Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған баптарын мұқият сараптауға тиіспіз

«Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Жер реформасы туралы комиссияның алғашқы отырысына жиналдық. Комиссия құрамында Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, саяси партия жетекшілері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, сарапшылар, ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары, заңгерлер, қоғам белсенділері мен ақпарат құралдары өкілдері бар. Баршаңызға шақыруымызды қабыл алып, осында келгендеріңізге ризашылығымызды білдіремін», – деді Б. Сағынтаев.

Осы ретте ол комиссия алдында ел үшін тағдырлы мәні бар мәселені мұқият талқылап, ортақ мәмлеге келу міндеті тұрғанын атап өтті.

«Бұл – өте жауапты өте жұмыс. Бұған дейін де сан рет айтылғандай, жер шетелдіктерге сатылған емес, сатылмайды да. Бұл мемлекеттің мызғымас берік ұстанымы. Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің мақсаты – жердің жұмыс істеуі, халықтың игілігі үшін пайда әкелуі. Біз Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған баптарын мұқият сараптауға тиіспіз. Бірақ, экономикамыздың, ауыл шаруашылығының дамуына жер реформасының қажеттігін де мойындауымыз  қажет»,-деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын түсіндіру және талқылау, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

Құжатта жалпы ереже, міндет, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі сондай-ақ, құрамы бекітілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз