Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездесті.
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастыруға әзір екендіктерін жеткізді.