Британиялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, бақыттың қарапайым құпиясын ашты. Осылайша, мамандар адам бақытының деңгейін бағалайтын анкета дайындады.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Белгілі болғандай, зерттеуге 600 ерікті қатысты. Олар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің таланттары мен жетістіктері жайлы ақпарат берді. Мұның арқасында ғалымдар сыналғандардың бақыт деңгейін түртіп қойды.
Бұдан кейін еріктілер бір аптадай күн сайын өз жетістіктерін өз өмірлерінде пайдаланды. Тәжірибе талаптарын орындағанда адамдар бақыттырақ бола түскені хабарланды.
6 айдан кейін қатысушылар анкетаны қайта толтырды. Британиялық ғалымдардың айтуынша, өз таланттарын күнделікті пайдаланғанда өмірі жақсара түседі.
«Адам өз-өзіне құлақ түруі керек», – деп атап өтті олар.