Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бақытбек Есентаев пышақ салған соң әйелін жібермей 45 минут қасында ұстаған

Оның айтуынша, Баян Есентаеваны аудандық ауруханаға жеткізгеннен соң, оған 3 сағатқа жалғасқан ота жасалған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, аппаратта бақылауда болды. Ал оның күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106, яғни «Адам денсаулығына ауыр жарақат салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді Талғар аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Алайда, кейіннен іс Алматы облыстық ішкі істер департаменті арнайы тергеушілеріне берілген. Сонымен қатар, қылмыстық іс «кісі өлтіру үшін қастындық жасау» бабына ауыстырылған.

«Барлық тергеу жұмыстары жүргізілді. Бақытбек Есентаев жұбайымен бірнеше рет бетпе-бет кездескенде тіпті мың рет кешірім сұрауға мүмкіндігі болды. Ал БАҚ-та жазылып жатқанның басым бөлігі ойдан шығарылған», – дейді біздің әңгімелесушіміз.

Бұдан бөлек, Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов қазір оған тағылған «кісі өлтіру үшін қастандық жасау» туралы айыпты Қылмыстық кодекстің 106-бабына, яғни, әу бастағы «Денсаулығына ауыр жарақат салу» бабына ауыстыру үшін барынша әрекет етіп жатыр.

Қазіргі күні тергеу аяқталды. Айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлімі арқылы 99-бабы 1-бөліміне, яғни «Кісі өлтіру үшін қастандық жасау» бойынша айып тағылған. Қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына берілді. Сот процесі Қаскелең қаласындағы №2 сотта өтуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз