Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бағаны өсірген жанар-жағармай компанияларына қомақты айыппұл салынды

Аталмыш әкімшілік іске қатысты сот үкімі биыл жарияланыпты.

„2015 жылғы қыркүйекте жанар-жағармай бағаларының көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықтарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілді.

Соның негізінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері», «Гелиос» және «Sinooil» компанияларына қатысты әкімшілік іс қозғалды„, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тексеру кезінде АИ92/95 маркалы бензиндердің бағасын негізсіз көтеріп, оны төмендетпей, ұстап тұрған заңсыз факті анықталған.

Нәтижесінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі 159-бабының 2-бөлігіне сай, аталған құқық бұзу фактілері бойынша «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының осы негіздегі қаулысы 2016 жылдың 1-маусымынан бастап өз күшіне енді.

Оның алдында «Гелиос» және «Sinooil» компаниялары да осыған ұқсас құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 94 миллион теңгеден астам айыппұл төледі.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС төлейтін айыппұл сомасы 88 миллион теңгеден асады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз