Бәсе, ол «әншейін келіпті». Қарны бар жігіт Эфиопиядағы президенттің ұлы болып шықты!

7 137 просмотров

Рио-2016 Олимпиадасындағы ең қызық кейіпкерлердің бірі атанған «қарны бар» «спортшы», эфиопиялық жүзгіш Робел Кирос Хабте — өз елінде «президенттің» баласы болып шықты.

Бәсе, «бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» десек, ол Эфиопиядағы суда жүзу спорты федерациясы президентінің ұлы екен.

Естеріңізге салсақ, Олимпиадаға тұңғыш рет қатысқан эфиопиялық Робел Кирос Хабте еркін әдіспен жүзу сайысындағы алғашқы іріктеу жарысында мәреге бірінші жеткен Доминикан елінің өкілінен бақандай 15 секундқа қалып қойды. Қашықтықты жүзіп өткен қарсыластары да, жанкүйерлер мен ұйымдастырушылар да қорытынды нәтижелерді білу үшін осы жігіт мәреге жүзіп жеткенше біраз күтіп қалған.

1908162-40159001-2560-1440

Cpd5eCRUkAAztCX

13957627_10210538734690934_1404299017_n

Загрузка...