Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бұрын көп сөйлейтін Мұхамедиұлы енді журналистерден қашып жүр

Арыстанбек есіктен шыға салысымен журналистер оған сұрақтарын жаудыра тап берді. Ректор болған кезінде жас студент қыздарды төсекке сүйрегені мен жемқорлыққа қатысты министрге қарсы айыптаулар қоғамда дүрбелең туғызған болатын.

Бұрын көп сөйлейтін министр енді журналистерді көргенде қашатын болып кетіпті. Қашып бара жатып қайта-қайта

«Без комментариев, я же сказал, что без комментариев» дейді екен.

Үкімет отырысы кезінде де Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қараған камералардан қатты қысылып, кірерге тесік таппапты. Қайта-қайта жүзін жауып, көзін қалқалай беретін әдет шығарыпты.

Арыстанбек қашып бара жатқанда журналистер жамырап:

Сіз әлгі «маған артылмақ болды», «пара алды» деген қыздарды сотқа берем деп едіңіз, енді неге сотқа бермей жүрсіз, деп сұраған.

– Без комментариев, – деп міңгірледі портфелін қойнына қысып, кетуге қатты асыққан министр тағы да.

9f780bba061f061fd9e69f765d468a0490ea1e6a

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз