Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

БҰҰ: “Ресей, Қырымды Украинаға қайтар!”

«Біз құрамына Қырым да кіретін Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қатысты ұстанымын құрметтегені үшін, Қауіпсіздік кеңесіне алғыс білдіреміз. Әрине, бір ғана мемлекет мұндай ұстаным білдіре алмады”, – деді Ельченко.

«Украинаны Қырымға қарсы теракт жасауға талпынды деп айыптаған олар неге дәлелді алға тартпайды? Оны дәлелдейтін суреттер немесе видеолар қайда? Бос сөзбен айыптайды”, – деді Ельченко. Бұның алдында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қырымдағы жағдайдың ушығуына байланысты жабық жиналыс өткізді. Отырыс Украинаның өтінішімен шақырылды.

Ресей және Украина арасы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырымда “диверсанттарды” ұстауына қатысты хабарынан соң күрт суып кетті. Ұсталғандар украиналық барлау қызметкерлері делінеді. Оларды ұстау кезінде екі ресейлік офицер қаза тапты деп хабарланды.

Президент Владимир Путин Украина билігін террорды қолдануға көшті деп айыптап, Донбастағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі “нормандиялық форматтағы” кездесуден тас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз