Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

БҚО-да 107 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді

Оның айтуынша, жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеті көше мен қоғамдық орындарда тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. Жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерін өзге міндеттерді орындаудан босатудың нәтижесінде кейбір көрсеткіштер едәуір жақсарып, заңға сәйкес тікелей тапсырмаларды атқаруда олардың жауапкершілігі күшейтілді. Мысалы, жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жеке іздестіруімен ашылған қылмыс саны 13,5 пайызға (1631-ден 1852-ге дейін) өсті. Сол секілді патрульдік жасақтардың қатысуымен ашылған қылмыс 23,1 пайызға (1466-дан 1805-ке дейін) артты. Аталған инспекторлар қараған азаматтардың арыз-шағымы 1,2 пайызға (26930-дан 27262-ге дейін) көбейді.

Биылғы тоғыз айда 107 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың (2015 жылы осы мерзімде – 109626, 1,5 пайызға азайған) жолы кесіліп, 610,434 млн. астам теңге (өткен жылы 9 айда – 584,4 млн. астам теңге, +4,5 пайыз) айыппұл салынды. Соның ішінде 347,836 млн. астам теңге (256,5 млн. астам теңге, +35,6 пайыз) өндіріліп, бұл көрсеткіш 57 пайызға (43,9 пайыз, +13,1 пайыз) жетті.

Жыл басынан бері өңірде барлығы 10629 қылмыс тіркеліп, өткен жылғыдан (9974) 6,6 пайызға өскен. Яғни қылмыс абсолютті түрде 655-ке артқанымен, соның 448-і немесе 68,4 пайызы жеңіл дәрежеге жататын қылмыс болып табылады. Бұған арыз-шағымды 100 пайыз тіркету талабы да әсер етіп отыр.

Қылмыстардың басым бөлігін (6949) немесе 65,4 пайызын орта дәрежедегі қылмыс (өсім – 8,2 пайыз, өткен жылы осы мерзімде – 6423) құрап, олардың ашылу деңгейі 1,1 пайызға (45,6-дан 46,7-ге) артты.

Жалпы, оң нәтиже ретінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің 22,9 пайызға (687-ден 530-ға дейін) төмендегенін атап өтуге болады. Оның ашылуы да (83,3-тен 88,1 пайызға) ілгеріледі.

Жеңіл дәрежедегі қылмыстар саны 11,1 пайызға (1454-тен 1292-ге дейін) қысқарып, ашылуы 76,5 пайызды (67,5 пайыз, өсім – 9 пайыз) құрады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 18 пайызға (133-тен 109-ға дейін) азайып, оның үлес салмағы 2,8 пайыздан 2,0-ге дейін түсті. Сонымен қатар көше қылмысының 5,5 пайызға (1855-тен 1753-ке дейін, үлес салмағы – 18,6-дан 16,5 пайызға) төмендеуіне қол жеткізілді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс сәл ғана (3183-тен 3208-ге, +0,8 пайыз) көбейгенімен, үлес салмағы 31,9 пайыздан 30,2 пайызға қысқарды. Оған қоса бұзақылық 28,1 (506-дан 364-ке), кісі тонау 11,1 пайызға (350-ден 311-ге) азайды.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жағдайды жіті бақылау мақсатында Орал қаласында «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша 103 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оған қосымша 172 камера орнату туралы ұсыныс та қолдау тапты. Сондай-ақ Орал қалалық ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығына қосылған 83 бейнекамера орнатылды. Соның арқасында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 67 қылмыс (өткен жылы осы мерзімде – 66) ашылып, 11 мыңнан астам (11595) құқықбұзушылық анықталды.

Бір айта кететін жайт, жол-патрульдік полиция бөліністерінің жеке құрамы республика бойынша толық қамтамасыз етілгендердің қатарында. Яғни олар алып жүруге арналған бейнежетондар және автокөліктерінде бейнетіркегіштермен 100 пайыз қамтылған. Бұл да Ұлт жоспарының 30-қадамында көрсетілген басты талаптың бірі.

Биылғы тоғыз айда 337 жол-көлік оқиғасы (өткен жылы осы мерзімде – 341, -1,2 пайыз) тіркеліп, соның салдарынан 74 адам (58, +27,6 пайыз) қаза тапса, 385 адам (459, -16,1 пайыз) жарақат алды. Балалардың қатысымен 59 (62, -4,8 пайыз) жол апаты орын алып, 10 бала (2, 5 есе көбейген) көз жұмса, 60-ы (69, -13 пайыз) жарақат алған.

Жол-көлік оқиғаларының азаймауына автокөліктерді көбеюі (2010 жылдан бері 133061-ден 199131-ге немесе 49,1 пайызға өскен), сондай-ақ қолайсыз ауа райы әсер етуде.

«Елбасымыз 2015 жылғы 5 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жергілікті полиция қызметі тұрғылықты халықпен, қоғаммен тығыз байланыста жұмыс жасап, ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған орай жергілікті халықпен бірлесе отырып, қылмыс атаулыға қарсы күресті ширата түсетін боламыз», – деді Манарбек Серікқалиұлы.

20161026162457

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз