Бұл аптада АҚШ долларының бағамы тұрақты болды

21 просмотров

ҚР Ұлттық банктің 8 шілде күніне белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 337,26 теңге. Ал ақша айырбастау орындарында америкалық валюта бүгін 340 теңгеден сатылып жатыр.

Бұл аптада АҚШ долларының бағамы тұрақты көрсеткішке ие.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 337-338 теңгеге сатып алынып, 338,5-340 теңге аралығында сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің 6-7 шілде күндеріне бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —374,02 теңге, ресей рублі — 5,27 теңге, 1 фунт стерлингі — 438,37 теңге, жапон йені— 3,34 теңге, 1 қытай юаны — 50,49 теңге, 1 қырғыз сомы — 5,00 теңге, 100 өзбек сумы— 11,46 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 7-шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,26 теңге деңгейінде нақтыланды.

Жалпы, халықаралық нарыққа үңілсек, таяу болашақта америкалық валюта ақырындап арзандауы тиіс. Өйткені шетелдік инвесторлар соңғы кездері көптеп алтынды сатып ала бастаған. Сәйкесінше, қазір алтынның бағасы жоғарылап барады. Сарапшылар бұл құбылыс үш жыл бойына сақталады деп болжайды. Бұл Еуро одақтағы тұрақсыздыққа тікелей қатысты.

Еуро одақтан Ұлыбританияның шығуын қолдап, ағылшын халқы дауыс бергені белгілі. Ал бұл процесс кем дегенде бір жыл уақытты алмақ.

Загрузка...