Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бұл қалай? Асыл тұқымды аттары бар «Астана «Көкпар клубы» небары 198 554 теңгеге сатылды

144

Ат клубы осымен үшінші рет электрондық сатуға қойылған. Отандық заңнамаға сәйкес осы жолы ол голландтық бағасын төмендету әдісімен сатылған.

Клубтың алғашқы бағасы 41 миллионнан асады, бірақ саудаға тек бір адам ғана өтініш бергендіктен, ірі кешен төмен бағаға сатылды.

«Қазинформ» ақпараттық агенттігіне клуб директоры Болат Шалабаевтың айтуынша, «Астана «Көкпар клубы» иелігінде он бір асыл тұқымды ат, қызметтік көлік, спорттық құралдар бар.

«Егер есептесек, бір ат жиырма мың теңгеге сатылды. Ал, нарықтағы асыл тұқымды аттың бағасы бес мың доллар тұрады. Оның бір ертоқымының өзі 350 мың теңге. Одан бөлек қызметтік көліктер мен құралдар бар», – дейді Болат Шалабаев.

Айта өтейік, клубтың саудаға қойылғаны туралы ақпарат “Вечерняя Астана” және “Астана ақшамы” газеттеріне жарияланған. Әрқайсысының тиражы 10 мың теңге.

Клуб әкімшілігі клубтың сатылу себебін айтудан бас тартты.

f0c84a2c-3b1a-4d98-bbb9-051a15822cd2

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз