Бүгінгі күнге дейін 66 757 адам арзан несиеге көлік сатып алған

71 просмотров

Өткен жылы iске қосылған жеңiлдетiлген автонесие мемлекеттiк бағдарламасы арқылы бүгiнгi күнге дейiн 6 757 адам көлiк сатып алды.

Бұл туралы бүгiн Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң ресми өкiлi Қайсар Жұмабайұлы айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

— Өткен жылы жеңiлдетiлген автонесие мемлекеттiк бағдарламасы басталған болатын. Содан берi жеке адамдар автокөлiк сатып ала бастады. Бүгiнгi күнге дейiн 6 757 адам автонесиенiң арқасында жаңа көлiк сатып алды.

Бұл индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған шара және жалғыз механизм емес. Бұдан да басқа бизнестi қолдауға арналған тетiктер бар, — деп хабарлады Қайсар Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, министрлiктiң ресми өкiлi атап өткендей, елiмiздiң жалпы iшкi өнiмi құрылымындағы отандық автоөндiрiс кәсiпорындарының үлесi айтарлықтай. Мәселен, биыл бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша отандық автоөнеркәсiптiң Қазақстан экономикасындағы үлесi 36,6 млрд теңгенi құраған.

— Бұл өңдеушi өнеркәсiптiң бiрқатар негiзгi салаларындағы көрсеткiштен көбiрек. Мысалы, автоөнеркәсiптiң жалпы iшкi өнiмге қосқан үлесi жеңiл өнеркәсiп, қағаз өнеркәсiбi, фармацевтика, тоқыма өнеркәсiбi, электроника, жиһаз өндiрiсiнен әлдеқайда жоғары болды, — дедi ол.

Оның айтуынша, отандық автоөнеркәсiп индустрияландырудың екiншi бесжылдығының басым бағыттарының қатарына енгiзiлiп отыр.

Загрузка...