Бүгін ҚР Премьер-министрі Елбасының орнына Ереванға аттанды

37 просмотров

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға аттанды.

Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады.

Еске сала кетелік, осы апта басында Ақорда Елбасыға салқын тиіп, ем алып жатқанын мәлімдеген. Осыған байланысты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Мемлекет басшысы келесі аптадан бастап, қалыпты жұмыс кестесімен жұмыс істей бастайтынын хабарлаған.

— Бірқатар өзгерістер енгізілді, осы аптаның соңына дейін Елбасының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланбаған. Ереванда өтетін ҰҚШҰ отырысына ҚР Премьер-министрі қатысатын болады„ деп мәлімдеген еді ол.

Загрузка...