Халықаралық нарықта мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелінің бағасы 43,33 доллар, WTI — мұнайының бір баррелі 41,18 доллар деп белгіленді.
Ал кеше таңертең халықаралық биржада Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелінің бағасы 41,97 долларға, WTI — мұнайының бір баррелі 39,81 долларға төмендеп, саудаланған еді. Бұл төмендеуді зерттеу орталықтары уақытша құбылыс деп бағалаған болатын. Осы жағынан алғанда, олардың бұл болжамы тура келген сынды.
„Қазіргі биржадағы құбылмалы баға осы жылдың қаңтар мен маусым айлары аралығындағы бағаға жасалған түзету деп санауға болады. Тепе-теңдік орнатылды, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, ол әлі тұрақты емес, спекульянттар, әзірге бағаны төмендету бойынша „ойынға„ көшкен. Түзету енгізіліп жатыр, бұл биржаға тән қалыпты құбылыс„ делінеді банктің сараптамалық құжатында.