Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады

123

Биылғы чемпионаттың бір ерекшілігі бұрынғыдай 16 құрама емес 24 команда қатысады. Оның ішінде Исландия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Албания және Словакия құрамалары Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатыспақ.

Биылғы Еуропа біріншілігінде 18 төреші қазылық етеді. Олардың арасында Виктор Кашшаи, Юнас Эрикссон, Джюнейт Чакыр және Мартин Аткинсон сияқты Еуропаның ғана емес, әлемнің үздік төрешілері бар. Чемпионаттың ашылу ойынын, яғни, Франция – Румыния матчын венгриялық төрешілер бригадасы басқарады. Ойынның бас төрешісі – Виктор Кашшаи.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсететінін айта кетелік. Сонымен қатар, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Ал, 11-маусымнан бастап кешкі сағат 18:50-дегі ойынды «Kazsport» телеарнасы, ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз