Бүгін Еуро-2016 финалы: Франция — Португалия

482 просмотров

Бүгін «Стед де Франс» стадионында Франция мен Португалия құрамалары кездеседі.

Футбол мерекесінің айы аяқталуда. Бүгін Париж маңындағы Сен-Дениде Еуро-2016-ның ақтық ойыны өтеді, қарсыластар чемпионатты өткізуші — Франция құрамасы және Португалия командасы.

Еске сала кетсек, француздар А тобында жеңіске жетті, содан кейін плей-оффта Ирландияны (2:1), Исландияны (5:2) және Германияны (2:0) ұтты. Португалдар F тобында үшінші орында болды,  плей-оффқа төрт үшінші орынның мықтысы ретінде шықты. Айналымнан шығар матчта Португалия Хорватия (1:0 қосымша уақытта), Польша (1:1, пен. 5:3) және Уэльстен (2:0) басым болды.

Франция — Португалия матчы жергілікті уақытпен сағат 21:00-де болады.

Еске сала кетсек,  бүгін Еуропа чемпионатының финалдық матчын Португалия — Франция құрамаларының арасындағы ойынды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы сағат 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл ойынға дейін Португалия мен Франция құрамалары 24 рет кездескен. 5 матчта Португалия құрамасы жеңіске жетсе, Франция 18 кездесуде ұтқан. 1 кездесу тең аяқталған.

Белгілі болғандай, Euro-2016 финалында Нұржан Еркінұлы және Жігер Әзберген комментатор болады.

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...