Бүгін еліміздің бірқатар аумағында үсік жүріп, күн суытуы мүмкін

43 просмотров

4 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек  республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында   ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа-райындағы өзгеріс еліміздің атмосфералық фронтальды ауысымға байланысты орын алмақ.

images

 

 

Қазақстанның кей аумақтарында тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады,  республиканың оңтүстік-шығысында бұршақ болуы ықтимал. Ал еліміздің солтүстік аумағында, тіпті, үсік жүру қаупі бар.  Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында жел    15-23 м/с күшейеді деп күтіліп отыр. Ал Ақмола облысының  кей аумағында түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейіп,  кей жерлерінде тұман болмақ. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында да 1-6 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал . Ақтөбе де өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Загрузка...