Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Бүгін еліміздің 5 облысында қар жауып, бұрқасындатады

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар борайды. Алматы облысында түнде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде де жел тұрып, бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысында қар қылаулап, арты бұрқасынға ұласады, түнде тұман болады, жел екпіні күшейеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз