Бүгін елімізде жел күшейіп жаңбыр жауады, кей жерлерде үсік жүреді

28 просмотров

1-маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады.

1403002901general_pages_i35080_v_saratove_ojidaetsya_silnyi_veter_i_dojd

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз  Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі бар.

Загрузка...