Бүгін елімізде күн жылы болады

5 просмотров

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік және оңтүстік-батыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, — деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, кейбір елді мекендерде найзағай жарқылдайды,  күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, тұман түседі деп күтілуде. Павлодар, Карағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде күндіз жел соғады. Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы  Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...