Бүгін доллар тағы қымбаттады

47 просмотров

Кеше Алматыдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 359 теңгеден саудаланса, бүгін ол 361 теңгеден сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің 27-шілдеге белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 350,2 теңге. Ал кешегі ресми бағам 343,88 теңге болатын. 7 теңгеде қымбаттаған шетелдік валюта бүгін де күш алуы мүмкін.

АҚШ долларының қымбаттауына халықаралық нарықтағы мұнай бағасының арзандауы ықпал еткен. Кеше теңгемен қатар ресейлік рублдің де бағасы құлдырады.

Кurs.kz сайтындағы дерекке сүйенсек, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 354-356 теңге аралығында сатып алынып, 359-361 теңге аралығында сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің өзге шетел валюталарына қатысты 27-шілдеге белгілеген бағамы мынандай: 1 евро – 385,71, РР – 5,31, 1 фунт ағылшын фунт стерлингі – 459,43, жапон йені – 3,36, 1 Қытай юаны – 52,48, 1 қырғыз сомы – 5,22, 100 өзбек сумы – 11,86 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы кешегі екі кезеңдегі сауда-саттық операцияларының қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 350,2 теңге болып белгіленді.

26-шілдедегі 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 343,88 теңге.

Загрузка...