Бүгін Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн суытып, үсік жүреді

21 просмотров

19 мамырда Қазақстанның бірқатар аумағында күн суытып, үсік жүреді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет таратқан хабарламада айтылады.

«19-мамырда Астанада түнде 2 градус суық болады. Ақмола облысының бірқатар аймақтарында да 19,20- мамырдың түнінде 2 градус суық болады. Ал Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде күн 1-6 градусқа суытып, үсік жүреді» делінеді хабарламада.

«Ал Қазақстанның солтүстіктен басқа өңірлері жауын-шашынды болады» деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алматыда бүгін жаңбыр жаумайды, ауа температурасы +18 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел тұрады. Желдің епкіні — 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аумағында жел екпіні 20 м/с күшейеді.

Астанада күндіз күн жылы болғанмен, кешке температура бағамы — 2 градусқа дейін төмендейді.

Загрузка...