Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

40 просмотров

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20,  күндіз екпіні 23 м/с болады, күндіз найзағай болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Қызылорда  облыстарының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...