Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тағы жауын-шашын болады

45 просмотров

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстік, шығыс және батыс өңірлері жауын-шашынды болады. Ал елдің солтүстік және орталық аймақтарында күн бұлтты болғанымен, жаңбырдың ықтималдылығы төмен деп жазады Gismeteo.kz.

18 мамырда 4460Ақмола облысы бұлтты болады, күндіз ауа-райы +16, +18 градус, ал түнде +1, +3 градус жылы болады.

Қазақстанның Солтүстік, Қостанай, Павлодар облыстарында да көшпелі бұлт жүреді. Ауа-райы көрсеткіші +14 пен +19 градус аралығын қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысы аспанын да бұлттар басады, кейбір аудандарында жаңбыр жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде көшпелі бұлт басып, кейбір аумақтары жауын-шашынды болады.

Алматы облысында найзағай жарқылдап, кейбір аудандарында өткінші жаңбыр жауады. Ауа-райы температурасы +19,+21 градус, ал бірқатар аумақтарда температура көрсеткіші +12 градус болып, күн салқындайды.

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында көшпелі бұлт басады. Бірқатар аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан өңірінің басым бөлігінде де жаңбыр жауады.

Алматыда күндіз жаңбыр сіркіреп жауып, найзағай да жарқылдауы мүмкін, ауа-райы көрсеткіші +11 градус болады.
Астанада күн ашық, температура көрсеткіші +14 градус делінеді.

Загрузка...