Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталады

60 просмотров

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-10 маусым аралығында өтеді.

20160513124902

ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес,  2016 жылы Қазақстанда мектепті 121 092 оқушы бітіреді; олардың 83 330-ы қазақ тілінде, 37 762-сі — орыс тілінде. ҰБТ тапсыруға 86 991 түлек өтініш білдірді. Бұл жалпы санның 72 пайызын құрайды. Олардың ішінде, қазақ тілінде — 63 021, орыс тілінде — 23 970 түлек тапсырады.

ҰБТ 166 пунктте өтеді: оның 116-сы аудан орталықтарында, 50-і облыстық орталықтары мен Астана мен Алматы қалаларының ЖОО ғимараттарында орналасқан. Бір пунктте тестілеуден өтетіндер саны 1 күнде 600 түлекті құрайды.

Биыл алғаш рет ҰБТ барлық қатысушыларын жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шекті 50 балл ала алмаған түлектер үшін 2016 жылғы тамызда кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Ведомство хабарлағандай,  2004 жылдан бастап 12 жылда ҰБТ-ға 1 млн 504 мың түлек қатысты. Бұл осы жылдардағы түлектердің жалпы санының 77,1 пайызын  құрайды.

Загрузка...