Бүгін Астанада ресми онлайн-петициялар институтын енгізу жобасы талқыланады

45 просмотров

Бүгін Астанада Қазақстанда ресми онлайн-петициялар институтын енгізу жобасы ашық талқыланады.

Билік пен халық арасын өзара байланыстыруы тиіс бұл институтты енгізудің бастамашысы „Қазақстан 2050„ жалпыұлттық қозғалысы екенін баса айта кетелік. Заңгерлерден құралған бастамашыл топ онлайн-петицияны енгізудің алдын-ала жобасын дайындады.

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, министрлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, демократияны дамыту және адам құқықтарын қорғау салаларындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері, тұжырымдаманы дайындаған заңгерлер тағы басқасы қатысады.

Талқылауға жиналғандарға аталған жобаның тұжырымдамасы таныстырылады. Тақырыпқа қатысты білікті сарапшылар пікір алмасып, жаңа бастамаға қатысты өз көзқарастарын білдідерді.

Аталған шараның модераторы „Қазақстан 2050„ жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин он-лайн петиция еліміздің демократиялық ахуалын жақсартады деп санайды.

— Біз мемлекеттік органдар жанында қоғамдық кеңестер құрылғанын білеміз. Алайда олардың жұмысы көрінбейді. Не талқылап жатыр, не үшін, ол жағы түсініксіз. Бұл олардың жұмысының алғашқы кезеңі болғаннан кейін де солай шығар. Бірақ бұл арада кері байланыс деген жоқ. Ал біз кез келген қоғам үшін маңызды мәселелердің қарастырылу процесі ашық болғанын, қойылған сұраққа нақты, дәйекті жауап берілгенін, әрбір азамат болып жатқан жайды түсінетініндей болғанын қалаймыз, — дейді ол аталған жобаға қатысты „Казправда„ басылымына берген жуырдағы сұхбатында.

Қоғамдық талқы орнынан bnews.kz порталы тікелей репортаж жүргізетін болады.

Загрузка...