Елбасы Ақтөбе өңіріне ерекше көңіл бөліп отыр.
Бүгін Мемлекет басшының тапсырмасымен Ақтөбе облысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын талқылап, елді қозғаған ойларына жауап беру үшін еліміздің барлық орталық мемлекеттік органдарынан және мемлекеттік емес ұйымдарынан 200-ден астам үздік мамандар барады.
„Осы сапар барысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Ақтөбе жұртшылығымен, кәсіпкерлермен, студенттер және мектеп оқушыларымен кездеседі„ деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.