Азық-түлік бағасы 4,9 пайызға қымбаттады дегенге кім сенеді?

47 просмотров

Биылғы жылдың 9 айында Қазақстанда инфляция 5,6 пайызды құрады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, азық-түлік 4,9 пайызға, ақылы қызметтерге баға 5,3 пайызға өскен, деп хабарлады primeminister.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бері баға жармаларға 32,5, шайға -25,8, қантқа — 22,4, нанға — 16,1, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге — 13, кондитерлік өнімдерге — 11,9, күнбағыс майына — 11,8, салқындатылған сусындарға — 10,8, макарон өнімдеріне — 10,2, жеміс және көкөніс шырындарына — 9,3, құс етіне — 8,7, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға — 8,3, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге — 7,9 пайыз қосылған.

Ал, жиналған көкөністердің бағасы 27,8, жұмыртқанікі — 8 пайыз, шикі сүттікі 7,9 пайызға арзандады.

Дизель отыны 27,3, баллондағы сұйытылған газ 17,5 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтері бойынша — 8, білім беру — 6,1, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер 5 пайызға қымбаттап, мейрамханалар мен қонақ үйлер — 4,8, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызмет көрсету құнын 2,9 пайызға өсірді.

Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 12,5 пайызға, әуе көлігі 11,8 пайызға, ішкі қалалық қатынастарда автобус бағасы 8,4 пайызға өсті.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

 

Загрузка...