Қазығұртта жалдамалы жұмысшылар үй иесін пышақтап, ақшасын үптеп кетті

57 просмотров

Оңтүстіктің құқық құрылымы қызметкерлері Қазығұрт ауданының тұрғынына жасалған қарақшылық шабуылға қатысты қылмыстық істің бетін ашты.

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

5 шілде күні аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне аудандық ауруханадан суыт хабар келіп түскен. Дәрігерлер өздеріне пышақ жарақатын алған әйелдің жеткізілгенін хабарлайды.

Ауруханаға тез арада тергеу тобы жетеді. Сұрау барысында анық болғаны, 40 жастағы азаматша үйіне жұмысшыларды жалдайды. Ал олар жұмыс істеудің орнына қожайындарын пышақтап, байлап, 2,5 миллион теңге ақшасын алып кетіпті.

Осы факті бойынша, ҚР Қылмысты кодекстің 192-бабымен (қарақшылық) іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Жедел-тергеу тобы құрылып, іздеу нәтижесінде полицейлер күдіктілердің бірі, 1994 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады.

Ал оның сыбайласы, 30 жастағы Өзбекстан азаматшасына іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Загрузка...