«ҚазТрансОйл» акционерлерге 51 млрд. теңгеден астам дивиденд төлемек

23 просмотров

Бірнеше жыл бұрын Халықтық IPO арқылы акциялары сатылымға шыққан «ҚазТрансОйл» акционерлерге 2015 жылғы дивидендтерді 27 маусымда төлеуді бастамақ. Бұл туралы бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ басшысы Нұртас Шманов мәлім етті.

акции-казтрансойл

«ҚазТрансОйл» компаниясының әрбір акциясына 133 теңге төленеді және дивидендтің жалпы сомасы 51 156 534 667 теңге деңгейінде белгіленіп отыр.

«Оның ішінде 44 712 936 теңгесі компанияның таза табысынан алынған үлесі. Қалған 6 443 598 667 теңгесі — компанияның былтыр үлестірілмеген қалдық сомасы», — деді Н. Шманов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Бұл «ҚазТрансОйл» компаниясының соңғы төрт жылда бөлген ең үлкен дивидендтер көлемі.

ҚазТрансОйл (қысқаша ҚТО) — Қазақстанның мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын. Қазақстанның құбыр желісі инфрақұрылымының көп бөлігін пайдалануға береді. «ҚазТрансОйл» компанияның қарамағында 6500 км мұнай құбыры, 25 000 км су құбыры бар. ҚТО-ға тиесілі құбыр желілері оқшауландырылған үш тармақты: Батыс, Ақтөбе және Шығыс тармақтарын біріктіреді.

2000 жылы батыс тармағы ҚТО-ға жиынтық табыстың 70пайызын берді. Қазақстанда 2000 жылы өндірілген 33 млн тонна мұнайдың 75пайыз-ға жуығы осы Батыс тармағымен айдалды. Шығыс тармағының жиынтық табыстағы үлесі 20пайыз. Бұл тармақ Құмкөл мұнайгаз кенішін елдің солтүстік-шығысындағы Павлодар мұнай өңдеу зауытымен және оңтүстігіндегі Шымкент мұнай өңдеу зауытымен жалғастырады. Ең кіші Ақтөбе тармағы қазіргі кезде тек солтүстікте, Ақтөбеде өндірілген мұнайды Ресейдің Орскідегі мұнай өңдеу зауытына тасымалдайды.

ҚТО өз табысының 95пайыздан астамын мұнай тасымалдаудан алады, ҚТО барлығы 29 ұлттық және халықаралық тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың негізгілері «Маңғыстаумұнайгаз» (29пайыз), «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы (25пайыз), «Теңізшевройл» халықаралық компаниясы.

Загрузка...